Таяуда С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі Рүстем Зұлқашевтың қатысуымен «Казталов ауданының Құрметті азаматы» атағына ие азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шарада ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында, кейін қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген еңбек ардагері Уалиолла Абешов, әнші-термеші, айтыс ақыны, әуесқой сазгер ретінде танымал, көп жылдар су шаруашылығы саласында қызмет жасаған Сәрсенғали Бисенғалиев, Қошанкөл совхозында еңбек етіп, Орал құю-механикалық зауытын жандандырып, әлі күнге қызмет жасап жүрген Алтай Мұқанбетқалиев, ұзақ жылдар ветеринария саласында еңбек еткен Тұрақбай Дүйсенов, Қараоба ауылында еңбегі елге елеулі Сағынгерей Қадошев, ұзақ жылдар ауданның білім саласында қызмет жасап, күні бүгінде қоғамдық жұмыстарға атсалысып жүрген еңбек ардагері Ғилым Едекешов, ауылшаруашылық саласының дамуына елеулі үлес қосқан Мәлік Адаханов, ауданның ауыл шаруашылығы саласында тынбай еңбек еткен Талап Мұқанов, белі қатпастан еңбекке ерте араласып, ауыл шаруашылығының әр бағытында қызмет атқарған Ұзақбай Мақатов және барлық еңбек жолы ауыл шаруашылығы саласына арналған, күні бүгінде Орал қаласында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген Махамбет Абулхатинге «Казталов ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Құрметті марапатты аудан әкімі Рүстем Зұлқашев пен аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев табыстап, атаққа лайықты азаматтарға жылы лебіздерін білдірді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz