27.12.2022, 16:15
Оқылды: 72

Ақжайықтық депутаттар үміткерді қолдайтындықтарын айтты

ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына үміткер Арман Өтеғұловтың жергілікті халық қалаулыларымен жүздесуі бүгін түстен кейін Ақжайық ауданында жалғасты.

01

Алдымен "AMANAT" партиясы Ақжайық аудандық филиалының атқарушы хатшысы, үміткердің жергілікті жердегі сенімді өкілі Артур Ермуханов кандидаттың өмір жолымен таныстырып өтті.

- Осынау киелі де қастерлі өңірде туылып, еңбек етіп, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік мәселелерін шешу арқылы елге пайдамды тигізу мен үшін зор құрмет. Әрбір облыс өңір тұрғындарын өздерінде өндірілген азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету керек деп санаймын. Азық түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі.
Өзімнің сайлауалды бағдарламамды агроөнеркәсіптік кешенді, кәсіпкерлік саласын дамыту экология мәселесі, онық ішінде Жайық өзенінің мәселелері, автомобиль жолдары мен ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасына сәйкес елді мекендерді кешенді дамыту мәселелерімен байланыстырамын. Өңірімізде түрлі басшылық лауазымдарда бола отырып облысымыздың ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласының дамуын қамтамасыз еттім.
Бұл мақсатта қарапайым ауылдық округ маманынан бастап облыстық және республикалық деңгейлерде басшылық қызметте жасаған тәжірибемнің әсері зор. Аталған міндеттерді көпжылдық тәжірибем, білім мен барлық күш жігерімді жұмсай отырып жалғастырамын деп сендіремін, - деді Арман Кәрімұлы.

03

Кездесуде сөз алған жергілікті мәслихат депутаттары ауданға қатысты мәселелерге тоқталып, Арман Кәрімұлының кандидатурасын қолдайтындарын жеткізді.

04

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале