27.12.2022, 17:00
Оқылды: 35

«Sandyq» супермаркеті ашылды

Бүгін Казталов ауданы орталығында «Sandyq» супермаркеті ашылды. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысты.

7

«Жансая» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Гүлнар Тайгаренованың бастамасымен жүзеге асырылған жоба нысанының құрылысы 2021 жылы басталып, бүгінгі күні есігін айқара ашып отыр. Супермаркетте 15 аудан тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта қызметкерлер санын арттыру да кәсіпкердің жоспарында бар.

3

- Бұл супермаркеті ашудвғы басты мақсатымыз халықты жұмыспен қамту және қаладағы жаңашылдықты ауылдық жерде жүзеге асыру. Бұл жобаны іске қосуымызға құрылыс заттарының қымбатшылығы кедергі болды. Дегенмен қиындыққа қарамастан құрылыс жұмысын жеделдетіп, бүгін ашылу салтанатын өткізіп отырмыз. Супермаркетімізде азық-түлік тауарлары, тұрмыстық тауарлар және дайын тағамдар да бар. Төлем жүйесі электронды түрде және қолма-қол төлем арқылы жүргізіледі, - деді Гүлнар Тайгаренова.

6

Нысанның ашылу салтанатында жеке кәсіпкер көпбалалы отбасыларға, жағдайы төмен жанұяларға қайырымдылық себеттерін тарту етті.

4

2

5

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале