Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады, ол қыздың ақпанда аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, қыз бала церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.
Сот мәліметінше, сотталушылар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп алдына ала сөз байласу арқылы, еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген, содан соң баланың мәйітін жасырып, екеуі оқиға орнынан таса болған.
"Баланы өлтіру дерегі бойынша нағашы ағасы мен шешесіне қатысты сот үкімі жарияланып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.