29.12.2022, 10:16
Оқылды: 77

Алматыдан жүлдемен!

Жақында Алматы қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты халықаралық байқау өтті. Аталмыш байқауға Жәнібек ауданы Ақоба ауылының мәдениет үйі жанындағы үйірме мүшелері қатысып, олжалы оралды.

2

Халықаралық байқаудың қорытындысында ақобалық «Инабат» би тобының кіші топ мүшесі Мейірлім Мұхтар «Тауыс құс» биімен бас жүлдені иеленіп, Түркістан қаласында өтетін суперфиналға жолдама алды. Ал «Инабат» би тобының жасөспірімдер тобы «Өзбек» биін билеп, жүлделі екінші орынды еншіледі. Оған қоса хореография жанры бойынша үздік шәкірт тәрбиелегені үшін жетекшісі  Қырмызы Бисенғалиеваға арнайы алғысхат табысталды.  Кішкентай бүлдіршіндер арасынан вокал жанры бойынша  қатысқан Айсезім  Мұхтар «Қазақстаным» әнімен жүлделі үшінші орынға ие болса, жетекшісі Мейрам Бисенғалиев «Атадан мұра» қоғамдық қорының алғысхатымен марапатталды. Байқауға балғындарды алып барған Ақоба ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Қырмызы Бейсенғалиева өз әсерімен бөлісті.

– «Атадан мұра» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Ұлы дала ұрпағы» атты байқаудың облыстық кезеңі алдымен Орал қаласында өтті. Сол байқауда өнер көрсетіп, Алматыға жолдама алдық.

Байқауға қатысуымыз үшін ата-аналар қолдау көрсетіп, өз қаражатына  оқушыларды жіберді. «Атадан мұра» қоғамдық қоры балаларды керемет қарсылап, жаңажылдық мереке ұйымдастырды.

Балаларға  бәрі ұнады. Балалар жылына орай барлық қатысушыға тәттілер сыйға берілді. Байқауға еліміздің әр түкпірінен 700-ден астам бала қатысты, – дейді Қырмызы  Жомартқызы.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале