29.12.2022, 15:02
Оқылды: 56

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15

«29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның анасы кім екені анықталу үстінде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале