29.12.2022, 15:15
Оқылды: 74

Орал қаласында «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, 2023 жылдың 13 қаңтарында сағат 15:00-де «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-ның электр энергиясын бөлшек саудада шекті бағасының алдағы көтерілуі туралы ұсынылған өтінімді қарау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

16

Фото дереккөзі: gov.kz

Жария тыңдау мына мекенжай бойынша өтеді: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 177 үй, 6 қабат, мәжіліс залы.

Департамент тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды, Қазақстан Республикасы Парламенті және мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшыларды жария тыңдауға шақырады.

Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жария тыңдау Facebook әлеуметтік желісінің ресми бетінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100058998086180) қатар өтеді.

Жария тыңдауға қатысу үшін «FACEBOOK» қосымшасында іздестіруге «ДКРЕМ ЗКО» атауын енгізу қажет.

Уәкілетті органның байланыс телефоны: 8 (7112) 24 06 34.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале