29.12.2022, 17:30
Оқылды: 69

«Төрлет, құтты Жаңа жыл!»

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен балаларға арналған ертеңгілік өтті. Шараға ата-аналар және бүлдіршіндермен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

1

Ертеңгілікте алдымен психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісінің м.у.а. Индира Нұрбатырқызы сөз алып, балаларға мерекелік лебізін арнады.

- Құрметті ата-аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін, - деп құттықтау сөзін арнап, демеушілерге алғысын білдірді.

2

Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Серік Жәрдемалиев,  мәслихат депутаты Оразгүл Кубесова, Руслан Оразалиев бүлдіршіндерді  жаңа жылдарымен құттықтап, қоғам белсендісі Айболат Букенов және барлық аудандық мәслихат депутаттары атынан аталмыш орталыққа арнайы сыйлықтар, балаларға арналған көптеген түрлі ойыншықтармен қатар тәттілер жиынтығын тарту етті.

4

Одан соң кішкентай балақайлар әдемі безендірілген шыршаны дөңгеле қоршап әуендете көңілді кешті бастап кетті. Перизат пен Лол және ергежейлі кейіпкерлер балалардың көңіл-күйін көтеріп ән шырқап, «Ергежейлілер» биін биледі. Сондай-ақ сиқыршы рөліндегі кейіпкер ата-аналар мен бүлдіршіндерге «Ептілік», «Кім жылдам?» атты ойындар ойнатып ертеңгіліктің көркін аша түсті. Одан соң «Шырша» әнін айнала шырқап, жаңа жылдың сәніне айналған аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырды. Кішкентайлардың шақыруымен қызыл шапанды, ақ сақалды, аса таяқты аяз ата мен сұлу ақшақар ортаға шығып, әдемі шыршаның шамдарын жақты. Балалардың көздері қуаныштан бал-бұл жанып, аяз атаға тақпақтарын айтуға асықты. Одан соң ортаға биылғы жыл мен келер жылдың иелері – барыс пен қоянды шақырып, өткен жыл барыспен қоштасып, жаңа жыл қоян жылын қуанышпен қарсы алып әсем би биледі.

3

Сонымен қатар балалар «Үйшік» ертегісіне қойылым қойып, ата-ана Айнаш Ақжеленқызы «Жаңа жыл шамдары» атты әнін тарту етті. Жаңа жылдық ертеңгілік естелік фотосуретке түсумен қортындыланды.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале