Елімізде ана өлімі 3,5 еседен астам азайды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Минитсрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлімін 28%-ға (28,51) төмендетуге қол жеткізілді.
«Бұл ретте қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштері шамамен 32%-ға, қатерлі ісік – 9%-ға, жарақат-4%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларынан болатын өлім – 33%-ға, ал туберкулезден болатын өлім 17%-ға төмендегені байқалады»,-делінген хабарламада.