30.12.2022, 22:05
Оқылды: 36

Жүректерді тербеген «Аяулым»

Бүгін Жаңақала ауданында эстрада жұлдызы, классикалық әнші, «Азия дауысы» байқауының жеңімпазы, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Бауыржан Исаевтың «Аяулым» атты ән кеші өтті.

IMG-20221230-WA0337

Ән кешінде әнші Б.Исаев шығармашылығы, өмір жолы, отбасы және ата-анасы туралы көптеген әсерлі оқиғаларымен бөлісті.

Сондай-ақ эстрадалық әндермен қатар классикалық әндер топтамасын да шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

IMG-20221230-WA0336

Атап айтсақ, халыққа кеңінен танымал «Өмірге өкпем жоқ», «Мен саған өкпелемеймін», «Айттым сәлем Қаламқас», «Ана туралы жыр», «Жараладың», «Аяулым» және «Тақиясыз періште» фильміндегі «Мама» әндерін көрермендер қосыла шырқап, ортаға шығып би де биледі. Аудандық мәдени-демалыс орталығының әншілері Ж.Мұсағалиев және А.Сейітова да әннен шашу шашты.
Кеш соңында аудан әкімі Дархан Закарин Б.Исаевқа жаңа жыл қарсаңында киелі Жаңақала мекеніне ат басын тіреп, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале