4.01.2023, 13:00
Оқылды: 166

Орал қаласында тіркеу және жер кадастры бөлімінің мекенжайы өзгерді

2022 жылғы 30 желтоқсанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Орал қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің ғимаратында өрт орын алған болатын. Өрттің шығу себебін тиісті органдар анықтайтын болады.

IMG-20230104-WA0029

Фото дереккөзі: liter.kz

"Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде қысқа уақыт ішінде өрт ауыздықталып, адам шығыны болмай, құжаттарға да зақым келген жоқ. Барлық қолда бар ақпарат пен клиенттердің өтінімдері сақталды", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Бекзат Оразалин.
Енді қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімі уақытша М.Жүнісов көшесі, 96 мекенжайына көшірілді. Жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.30-ға дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале