Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлігіне қарасты барлық әскери бөлімдерде қысқы оқу кезеңі басталды.
Таңның атысымен «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде 2023 жылдың қысқы оқу кезеңінің басталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Қысқы оқу кезеңінің ашылуына өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдерде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасарлары қатысып, әскери бөлімнің қызметшілерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағын өткізіп, басқада өткізілген сабақтарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің базасында өткізілген қысқы оқу кезеңінің ашылу шарасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Абжанов және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жумагалиев қатысып, өз сөздерінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басқармасын және 5517 әскери бөлімінің жеке құрамын оқу кезеңінің басталуымен құттықтап, жауынгерлік дайындық пен жауынгерлік қызметтеріне табыс тіледі.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауржан Абжанов шара барысында Ұлттық ұлан әскерлеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін, жауынгерлік даярлықтың деңгейі жоғары болуын атап өтті.
Мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы аяқталғаннан кейін, барлық санаттағы әскери қызметшілермен, күнделікті өздерінің міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша төрт сағаттық кешенді сабақтар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі