Қан қызметінің дамуы мен жетістіктері клиникалық медицинаның, хирургияның, анестезиологияның, реанимацияның, гематологияның, клиникалық токсикологияның, трансплантологияның және басқа да клиникалық бағыттардың одан әрі ілгерілеуі шарттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» өткен жылдың қорытындысы бойынша 17 550 қан мен оның компоненттерін донациялады, оның ішінде орталық жағдайында 13 221 донация, қалғандары көшпелі жағдайларда өткізілді.
✅ Ерікті өтеусіз донорлардың қатарына 4 314 донор кірді.
✅ Ерікті өтеусіз донациялардың үлесі 99,4%-ды құрады.
✅ Медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен қамтамасыз ету 100% жүзеге асырылды.
✅ ТМККК шеңберінде медициналық ұйымдарға 31 593 қан компоненттері берілді, оның ішінде:
- құрамында эритроциттер бар компоненттер – 12 511 доза;
- жаңа мұздатылған плазма - 8 928 доза;
- тромбоциттер - 7 532 доза;
- криопреципитат - 446 доза;
- стандартты эритроциттер - 2 018 доза;
- қан препараттары - 22 доза;
- донорлық қанды жеке таңдау - 136 зерттеу.
✅ Ағзаларды трансплантаттау бойынша операцияларды сүйемелдеу үшін иммунологиялық типтеу бойынша зертханалық зерттеулер көрсетілді және күту парағы бойынша – 4 352 зерттеу.
✅ Гемопоэтикалық дің жасушалары донорларының ұлттық тізілімін 55 адам толықтырды.
✅ Трансфузиялық инфекциялар зертханасы сапаны сыртқы бағалаудың халықаралық бағдарламасы бойынша сәйкестік рәсімінен өтті.