6.01.2023, 12:00
Оқылды: 48

Өзбекстанда тағы бір дәрінің сатылуына тыйым салынды

Өзбекстанда медициналық мақсатта қолданылатын «Амбронол» препараты талапқа сай келмейтіні анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

230106000619550e

Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасы жүргізген «Док-1 Макс» және «Амбронол» препараттарының сапасын тереңдетілген бақылау нәтижелері бойынша аталған дәрі-дәрмектің нормативтік құқықтық құжатта көрсетілген құрамға сәйкес келмейтіні анықталды.

Атап айтқанда, олардың кейбір серияларында пропиленгликольдің орнына немесе онымен бірге этиленгликоль және диэтиленгликоль қоспасы болатыны анықталды. Осыны ескере отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтау және қалған дәрі-дәрмектерге қосымша тексеру жүргізу мақсатында сақтық шарасы ретінде 2022 жылы «Quramax Medical» ЖШС республика аумағына әкелінген барлық дәрі-дәрмектерді сату тоқтатылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 желтоқсан күні Өзбекстанда балалардың өліміне себеп болуы мүмкін деген негізбен тұмау мен суық тиюге қарсы үнділік «Док-1 Макс» препаратын сатуға уақытша тыйым салынды.

27 желтоқсанда ӨР Денсаулық сақтау министрлігі 18 баланың өлімі «Док-1 Макс» препаратынан болғанын растады. Мемлекеттік сараптама және стандарттау орталығы препарат талапқа сай келмейді деген қорытынды шығарды.

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) 18 баланың тұмауға қарсы үнді дәрісінен кейін көз жұму оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

29 желтоқсанда «Док-1 Макс» препаратын ішкен тағы бір бала қайтыс болғаны белгілі болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале