6.01.2023, 16:32
Оқылды: 60

Биыл 15 университет тексеріледі - Саясат Нұрбек

Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарын қатаң реттеу принципі қолданылады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11

Фото дереккөзі: stan.kz

Ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр жоғары оқу орындары лицензиясынан тек соттың шешімен айырылатынын қадап айтты.

Ал Конституцияға сәйкес Үкімет те, атқарушы билік те соттың шешімін өзгерте алмайды.

«16 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды. Биыл 15 университет тексеруде тұр. Алайда 2023 жылдан бастап жоғары оқу орындарын мемлекеттік бақылау моделі өзгереді. Осылайша, жаңа реттеу саясаты енгізіледі. Біз бұл мәселені мұқият қарастырамыз. Университетті бұрынғыдай тез жабуға мүмкіндік болмайды. Себебі, заңдағы принцип өзгереді. Бірақ, бұл жұмысты жалғастырамыз. Президент нақты тапсырмалар берді. Оған қатысты саясат өзгерген жоқ. Сапасыз білім берген жоғары оқу орындарын қатаң реттеу принципі қолданылады», - деді Саясат Нұрбек.

Айта кетерлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде 5 жеке университетке қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале