22.06.2016, 10:30
Оқылды: 37

Ақжайықта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

akjaik birjaАқжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту орталығы биыл төртінші рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов және Чапаевқа жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин болды.


Жұмыс іздеушілер ынта-ықыласпен қатысқан жәрмеңкеде аудан әкімі сөз сөйлеп, ауылдарда осындай шаралар өткізуде жақсы тәжірибе қалыптасып отырғанын, мысалы жуырда іске қосылатын «Батыс Нық» ЖШС ірі қара етін өндеу кешені секілді өндіріс орындарына жұмыс қолын көбейту жөнінде зор сенім жүктелетінін айтты. Ол аудандық аурухана ғимаратының күрделі жөндеуден өткізілуі де жұмыс қолын, мамандарды қажет ететінін атап көрсетті.

Аталған жәрмеңкеде 17 мекемеден 123 бос жұмыс орындарына сұраныс түсті. 71 адам жұмысқа алынды, оның ішінде 49-ы аудандық аурухана ғимаратының күрделі жөндеуіне баратын болады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале