9.01.2023, 20:59
Оқылды: 60

Сенат депутаттығына кандидаттармен кездесті

Бәйтерек ауданында ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Арман Өтеғұловпен, Айболат Құрымбаевпен, Ақылбек Сұлтановпен кездесу өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестік және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG-20230109-WA0043

Жиында сенім білдірілген өкілдер Сенат депутаттығына кандидаттардың өмірбаяндарымен таныстырды. Содан соң кандидаттар аудандық мәслихат депутаттарына өздерінің сайлауалды бағдарламалары туралы айтып өтті. Олардың сөзіне қарағанда, сенатор болып сайланған тұлға жас мемлекетіміздің тәуелсізігін тұғырлы қылу жолында аянбай еңбек ете білуі керек. Егемен ел болған отыз жылдан астам уақыт ішінде республикамызда көп жұмыс атқарылды, дегемен де әлі де шешімін таппаған өзекті мәселелер аз емес. Соның ішінде Ақ Жайық өңірінде де көкейкесті жайттар жетерлік. Олардың арасында Жайық өзенінің ахуалы, ресейліктер еншілеп отырған полигон жерлерін қайыру сынды мәселелер бар. Одан бөлек ауылдарға қатқыл табанды жол, сапалы ауыз су тарту, мектеп, емдеу мекемелерін салу да күнтәртібінде тұр.

IMG-20230109-WA0042

Отандық табиғи азық-түлік өнімдерін өндіру де маңызды. Болашақ сенатор осынау проблемаларды біліп қана қоймай, олардың шешімін табуына атсалысуы керек және де батысқазақстандықтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтай алатын жан болуы тиіс.

IMG-20230109-WA0045

Аудандық мәслихат депутаттары Сенатқа сайланатын жан ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлеріне, яғни диқандарға егістікті зиянкестерден қорғауға, мал шаруашылығымен айналысатындарға, ветеринарлардың мәртебесін арттыруға қолдау көрсетуге ықпал етсе деген өз ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сәлім Пазылұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале