11.01.2023, 9:45
Оқылды: 44

Атақты Тедди Ринер Алматыда

Дзюдодан 2012,2016, 2020 жылдардағы олимпиада чемпионы,11 дүркін әлем бес дүркін Еуропа чемпионы Тедди Ринер қазақ дзюдошыларымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

FVwtluaWAAAOhGi

«Тедди қонжық» деген лақап аты бар палуанның бойы – 205 сантиметр, салмағы 125 килограмм, аса ауыр салмақта өнер көрсетеді.

IMG_20230111_090841_943

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, жауырыны жер иіскемеген франциялық дзюдошы отандық палуандардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасу үшін келіпті. Одан бөлек жаттығу жиынында Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов, әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев, франциялық жаттықтырушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс және Стефан Трайно да бар көрінеді.

Түгелбай Бисенов,

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале