11.01.2023, 11:59
Оқылды: 52

Биыл 600 мыңға жуық есепші, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі

2023 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне слітеме жасап.

IMG-20230111-WA0004

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% кезең-кезеңімен арттыру жалғасады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есе ұлғаяды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале