Дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, поэзияға деген құштарлықтарын арттыру мақсатында 5-11 сынып оқушылары үшін XІ аудандық Қадыр оқулары байқауы өтті.
Байқауға Сырым ауданының 18 мектебінен 36 оқушы қатысты.
«Сөзім барда – өзім бар» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» ақын өлеңдеріне жазылған ән орындау және «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» ақынға арнап өлең шығару бөлімдерінде оқушылар бақ сынады.
Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бөлімі бойынша бас жүлдеге Ж.Досмұхамедов атындағы МББК 5-сынып оқушысы Айсана Мұратова ие болды. І орынды Көздіғара НОМ 8-сынып оқушысы Саят Рысқали иеленді. ІІ орын Қызылағаш НОМ 7- сынып оқушысы Жангүлім Хансейт пен ЖББ Қособа МББК 5-сынып оқушысы Мәртебе Юнус, ІІІ орын Жамбыл НОМ 9-сынып оқушысы Ханшайым Меңдібай мен ЖББ Жырақұдық ЖОББМ 5-сынып оқушысы Гүлзат Жолымбетке бұйырды.
Қадырдың өлеңдеріне жазылған әндерін орындау бөлімі бойынша Бұлан МББК 5-сынып оқушысы Ақбота Сағидоқас топ жарып, бас жүлде иегері атанды. Аралтөбе ЖОББМ 7-сынып оқушысы Айсана Ұбанова І орын, Бұлдырты ЖОББМ 6-сынып оқушысы Әлғазиз Зағпар мен Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ 9- сынып оқушысы Нұрым Амангелді ІІ орынға ие болды. Тасқұдық МББК 8-сынып оқушысы Амина Ғиният пен Абай МББК 5-сынып оқушысы Сырым Серікқали ІІІ орындарды бөлісті.
Ақынға арнап өлең шығару бөлімі бойынша бас жүлдеге Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы Замир Махмет ие болды. Қособа МББК 10-сынып оқушысы Әсем Русланқызы І орын, В.Шубин атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Жансая Нәсіпқалиева мен М.Қаналиев атындағы Алғабас МББК 9-сынып оқушысы Амина Амангелді ІІ орынды еншіледі. Сырым мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нармина Асқарова мен Жамбыл НОМ 8-сынып оқушысы Валентина Каримоваға ІІІ орын тиді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz