Бұл туралы Бірікккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Климаттың өзгеруін тежеу стратегиясы үшін орман өсіру өмірлік маңызы бар бағыт деп санаймыз. Осыған орай Қазақстан Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ 26-шы конференциясында қабылданған Орман мен жерді пайдалану декларациясына қосылды. Елімізде 2025 жылға дейін екі миллиард ағаш отырғызуды көздейтін ауқымды жоба басталды. Былтыр 282 миллион түп ағаш отырғызылды. Биыл тағы 410 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр», деді ол.