18.01.2023, 16:16
Оқылды: 30

Жас туристер Алматыдан олжалы оралды

Жуырда Алматы облысында В.М.Чепельді еске алуға арналған спорттық туризмнен республикалық жарыс өтті. Аталған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 20-ға жуық команда қатысып, өз бақтарын сынады. Осы жарыста ауданымыздың құрама командасы нәтижелі ойынмен ерекшеленді.

2

Мектеп оқушыларының арасында спорттық туризмді дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыруды ту еткен жарыс өте тартысты өткенін айтады жас туристер. Тек аудан емес, бүкіл облыстың намысын қорғаған өрендер – Чапаев N 1 орта мектебінің оқушылары Азат Қабылқайыр пен Гүлмира Ерғали, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің оқушысы Әлімжан Қайырғалиев, Тайпақ орта мектебінің оқушысы Самат Бекзат. Нәтижесінде А.Қабылқайыр «Байлам» қашықтығы бойынша ІІІ орынға ие болса, Г.Ерғали, Ә.Қайырғалиев, Б.Самат үздік бестіктің қатарынан көрінді. Оқушыларды аудандық балалар -жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогі, «Тау туризмі» үйірмесінің жетекшісі Әди  Темірболат дайындап, жетекшілік етті.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале