19.01.2023, 17:01
Оқылды: 50

Өзбекстанда дәріден қайтыс болған балалардың отбасына өтемақы төленуі мүмкін

"Док-1 Макс" шәрбатын ішкеннен кейін қайтыс болған балалардың отбасына егер тергеу өлімнің дәріге қатысы барын растайтын болса, өтемақы төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2
Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Баситханованың айтуынша, қазір әр өлім (ресми мәлімет бойынша 20 жас бала) тексеріліп жатыр. Балалардың қандай дәріні ішкені анықталып жатыр. Бұл туралы Gazeta.uz жазды.
"Егер улануға себеп болған дәрі құжатталған болса, өтемақы төлеу үшін сот процестері басталуы мүмкін. Егер бұл расталса, барлық өтемақы сомасы ешқандай сұрақсыз төленеді" - деді Эльмира Баситханова.
Эльмира Баситханова тұрғындардың бұл дәріге сенгені сонша дәрігермен кеңеспей-ақ өзі сатып алғанын айтты.
Денсаулық сақтау министрлігі бір өндірушінің "Док-1 Макс" және "Амбронол" сироптарының құрамында этиленгликоль табылғанын хабарлады. Үндістандық компанияның елдегі барлық дәрі-дәрмектерін сату тоқтатылды, тергеу жалғасып жатыр
Қайтыс болған 20 баладан басқа, ондаған құрбан белгілі. Балалардың бүйрегінен проблема байқалды.
13 қаңтарда Ташкент соты дәрі-дәрмек импорттаушысы Quramax Medikal компаниясын фармацевтикалық лицензиясынан айырды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале