20.01.2023, 12:00
Оқылды: 44

Мемлекеттік тапсырыстың шикіліксіз орындалуына бірінші басшылар жауапты – Премьер-Министр

Мемлекеттік сатып алу процесі осы күнге дейін сыбайлас жемқорлық жиі орын алатын сала болып тұр. Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8

«Атқарылған жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік сатып алу процесі осы күнге дейін сыбайлас жемқорлық жиі орын алатын сала ретінде қалып отыр. Сондықтан, оны жетілдіру жұмыстарын жалғастыру керек. Ол үшін адами факторды толығымен алып тастап, тапсырыс беруші – бірінші басшының дербес жауапкершілігін күшейту қажет», - деді Үкімет басшысы.

Оның пайымынша, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану практикасына құқықтық жағынан кешенді талдау жүргізу қажеттігі туындап отыр.

«Сарапшылармен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, барлық проблемалық учаскелерді анықтап, Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңды әзірлеудің негізгі тәсілдерін айқындау керек.

Бизнес-процестерді толық автоматтандыруға баса назар аудара отырып, осы саладағы озық әлемдік тәжірибені ескеру қажет», - деді Әлихан Смайылов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале