20 қаңтар күні Ақпәтер ауылдық округінің 2009 жылы мектеп бітірген түлектері «Жұмадағы жақсылық» акциясын бастап, округ орталығындағы көпбалалы отбасыларға азық-түлік тарту етті. Ақпәтер ауылынан бастау алған игі жақсылықтың мақсаты көпбалалы отбасыларды қолдау, туған жерге деген қамқорлық көрсету болып табылады.
Округ әкімі Төлеген Сүйінішқалиев мектеп түлектерінің бастамасына ауыл халқы да риза екендігін жеткізді.
-Мұқтаж жанға жәрдемдесу - сауапты істің бірі. Бүгінде ауылымыздың дамуына өз үлестерін қосып жатырған азаматтар қатары артып келеді. Олар ауылдың көркеюіне ғана емес, округ тұрғындарының қажеттілігін де өтеуге де үлестерін қосуда.
Мәселен, бүгінгі 1991 жылы дүние есігін ашып, 2009 жылы мектеп бітірген түлектер қасиетті жұма күні 5 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бұл да - көңілге жылу ұялатар қайырымды істің бірі. Туған жердің перзенттеріне халқымыздың да ризашылығы мол, - деді ол өз сөзінде.
Асылбек Нәсіпқали
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz