23.01.2023, 10:46
Оқылды: 56

Мәжіліс депутаттығына кандидат қанша теңге жарна төлейді?

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер төлейтін сайлау жарнасын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

63ccc999bfd63334628453

Мәжіліс депутаты болуға үміткер ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуге міндетті. Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында осылай деді.

Елімізде 2023 жылға ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болды. Осылай, мәжіліс депутаттығына сайлау жарнасы 1 млн 50 мың теңге болып бекітілді.

Ал мәслихат депутаты ең төменгі жалақының 5 еселенген мөлшерін төлеуі керек.

Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау жарнасы ең төменгі 5 жалақыға (350 мың теңге) тең. Сайлау қорытындысында кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру нәтижелері бойынша сайлаушылар даусының кемінде 5% жинаса, кандидат қайтыс болса, жарна кандидатқа қайтарылады, — деді Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Асылбек Смағұлов комиссия отырысында.

Еске салайық, елімізде 19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

18 наурыз – тыныштық күні, 19 наурыз – сайлау күні.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале