Қыс мезгілінде мұздың қалың қатуына байланысты балықтарға оттегі жетіспеушілігі туындайды. Осыған байланысты Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауыл маңындағы өзенді бірнеше жерден ойып, ойыққа қамыс-шилер салу жұмыстары жүргізілді.
«Қысты күні қамыс салу балықтардың тыныс алуына септігін тигізеді. Алдағы уақытта басқа да өзен-көлдерге де осындай ойықтар ою жұмыстары жалғасатын болады»,- дейді осы жұмысты қолға алғандар.
Г.Мұхан,
Шыңғырлау ауданы