Бүгін аудан әкімі Азамат Сафималиев Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ол былтыр ауданда шешімін тапқан және биыл атқарылатын жұмыстарды баяндады. Өз кезегінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина аталмыш мектепке күрделі жөндеу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептің алдына бағдаршам орнату керектігін айтса, аталған мектептің директоры Сержан Қошанов білім ғимаратының алдында орналасқан автотұрақты үлкейтсе, техникалық судың керектігін және мобильді байланыстың нашарлығына назар аударылса деген ұсынысын жеткізді.
Сол секілді мектептің техникалық қызметшісі Ерсайын Шаққалиев тұрғын үйінің апатты жағдайда екенін айтып, Жәнібек пен көршілес Ресей Федерациясы арасына қатынайтын пойыз мәселесін көтерді.
Осы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Елемесова мектепте буфет ашылуын, үшінші қабаттағы әжетханаға су келмейтіндігін жеткізсе, химия кабинетінің лаборанты Анаргүл Айтбөкешева ауыл ішінде қатынайтын №2 қоғамдық көліктің уақтылы жүрмейтіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ бастауыш сыныптың мұғалімі Назымгүл Нарынованың айтуынша, ауыл ішіндегі №5 қоғамдық көлік мектеп аялдамасына тоқтауын сұрады. Тарих пәнінің мұғалімі Меңдібек Сырымов аудан орталығындағы жанар-жағармай бекеттерінің санын көбейту жөніндегі ұсынысын ортаға салды.
Соңында аудан әкімі Азамат Сафималиұлы айтылған ұсыныс-пікірлерге қатысты жауап қайтарды.
Бота Танабай,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz