Париждің Шығыс вокзалы диверсия салдарынан жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Пойыздар қозғалысы Вэр-сюр-Марн коммунасы ауданында кабельдердің зақымдануынан тоқтады. Болған оқиға бастапқыда оқыс жағдай ретінде қабылданды. Алайда, кейін өрт қасақана жасалғаны анықталды.
«SNCF-тің жұмыс бригадалары өртелген 48 кабельді шығыс жырасынан тапты. Бұл қасақана вандализм акті. Соған байланысты арыз түсірдік», - деді SNCF өкілі Анн-Мари Пальмье.
Сейсенбі күні желіге TGV жүрдек пойыздары, TER қалааралық электричкалары және Transilien өңіраралық пойыздар шыққан жоқ.
Аталған оқиға Францияның шығыс бөлігіне, сондай-ақ Швейцарияға, Германияға, Аустрия мен Люксембургке сапар шегуді жоспарлаған көптеген жолаушының жоспарын бұзды.
Фото: AFP TV