25.01.2023, 12:59
Оқылды: 36

Астанада Astana Meeting World indoor tour турнирі аяқталды

Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour жеңілатлетикалық турнирі өтті. Қазақстан ТМД елдері арасында осындай деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырған бірінші ел болды, деп жазады olympic.kz.

1674562318

Фото: olympic.kz

Жарысқа 100-ге жуық спортшы қатысты.

Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов ресми түрде ашты.

"Он бес елден келген спортшылар бүгін алғаш рет өтіп жатқан "Astana Silver Grand Prix Meeting" турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді. Қазақстан Республикасы биыл АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехиямен бірге жеңілатлетикалық серияның күміс деңгейін ұйымдастырушылар құрамында", - деп атап өтті Федерация Президенті Даниал Ахметов.

Бұл турнир отандық жеңіл атлетиканың дамуына үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады.

"Бүгінгі дүниежүзілік жарыстарға әлемнің 15 елінен келген спортшылар қатысуда. Менің ойымша, бұл жай ғана жеңіл атлетика мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықты білдіретін іс-шара", - деді министр Асхат Оралов.

Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 пәні бойынша ең мықтыларын анықтады.

Жарыс ерлер арасындағы кедергілермен 60 метрге жүгіру жарыстарынан басталды. Бағдарламаның бұл түрінде Кубалық Роджерс Ирибарн (нәтиже 7.62 сек.) отандасымыз Давид Ефремовтан озып, жеңіске жетті (7.65 сек.) секундтың жүзден бір бөлігінен аса алды.

Естеріңізге сала кетейік, турнир аясында Давид Ефремов 7,62 сек. нәтижесімен алдын ала жарыста Қазақстанның рекордын жаңартқан.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде біздің отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 сек. нәтижесімен 1-орынға ие болды, Андрей Соколов 46.74 секунд нәтижесімен- 2 ші-орын, Бразилиялық Александр Руссо 47.70 сек. нәтижесімен үшінші болып мәре сызығын кесіп өтті.

60 метрге жүгіруден әйелдер арасында Ольга Сафронова (7.30 сек.) Португалиядан келген спортшы Ариалису Гандуллаға (7.18 сек.) есе жіберді және екінші болып мәре сызығын кесіп өтті. Үшінші орында австриялық Магдалена Линдер (7.43 сек.).

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде Өзбекстан спортшысы Дарья Резниченко 6 м. 32 см. нәтижемен жеңіске жетті. Анастасия Рыпакова 5 м. 89 см. нәтижемен 2 орынды, Алина Чистякова 5 м. 84 см. нәтижемен 3 орынды иеленді.

Ерлер арасында 800 метрге жүгіруде Хорватиядан Марино Блудек (1:48.23), Кениялық Николас Киплагат 1:48.31 нәтижесімен 2-ші, ал үшінші орынды Словениядан Жан Вукович (1: 48.72) иеленді.

1500 метрге жүгіруде Джаринтер Мвасья (Кения) 4:14.26 нәтижесімен 1-ші, Герут Мешеша (Эфиопия) 4:14.40 нәтижесімен 2-ші, Камила Гомес (Португалия) 4:26.63 нәтижесімен 3-ші орынды иеленді.

Турнирдің ең керемет тартымдылығы түрлерінің бірі әйелдер арасында биіктікке секіру болды. Нәтижесінде біздің отандастарымыз жүлделі 3 орынға ие болды:

Надежда Дубовицкая (193 см.) - I және орын;

Кристина Овчинникова (189 см.) - II орын

Елизавета Матвеева (189 см.) - III орын.

400 метр қашықтықтағы әйелдер арасында I орынды Элина Михина (55.14), II орынды Александра Залюбовская (55.28), III орынды Кристина Кондрашова (55.87) иеленді.

Ерлер арасында 60 метрге жүгіруде американдық Майкл Роджерс жеңіске жетті. Ол бұл қашықтықты 6.664 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынды американдық спортшы Демек Кемп (6.665) иеленді. Португалдық Фредерико Курвело көшбасшылар үштігін 6.75 нәтижесімен аяқтады.

Ерлер арасында 3000 метрге жүгіруде Али Абдилмана (7: 52.43) (Эфиопия) алтын алды. Ұлыбританиядан келген Александр Георгий (8:07.55) күміс, ал Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале