25.01.2023, 20:09
Оқылды: 104

Сырғалым – сырласым!

Қазақ халқы салт-дәстүрінде жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қымбат сыйластыққа тең келер ешнәрсе жоқ. Қыз баласын бой жете бастағаннан оң жағына қойып, қырық үйден тыйып, қолдағы бар асылын бойына жапсырып, жарқыратып ұстап, қыз-ғұмырдың әке шаңырағында шырайлы салтанат құруы жолында қамқорлығын аямаған. Ұлттық үрдіс бүгінде жалғасын тауып, туыстық сезім тереңге кетсе – татулықтың тірегі.

салт - дәстүр

Осындай мақсатта бүгін, Бөрлі аудандық Достық үйінде өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Сырғалым – сырласым!» атты аудандық сайысы өтті. Жеңгесі мен қайынсіңлісі арасындағы ізгілікті, қазақ қызына сай болмысты насихаттайтын бұл байқауға ауылдың өнегелі келіндері мен инабатты қыздары қатысты.

салт дәстүр

Бірнеше кезеңдерден құралған бұл сайыс қатысушылардың өздерін таныстырудан бастау алды. Мұнан әрі ауыл келіндері мен бұрымды қыздары өз өнерлерін көрсетіп өзара бақ сынасты. Сондай-ақ өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын әділқазылар алқасына көрсетіп сайысты қыздыра түсті. Және де ата-дәстүрден жаңылмай, қатысушылар бірнеше сұрақтарға жауап беріп, сыннан өтті. Қоржыннан шыққан сұрақтарға жауап берген келіндер мен қыздар өз білімдерін де бәйгеде көрсете білді. Бірі мың бұрала билесе, бірі әннен шашу шашты. Өнерлерімен ғана емес, асқан шапшаңдықтарымен, әртістік шеберліктерімен өз ойларын анық жеткізді. Ақтық кезеңнен сүрінбей өткендер көрермен көзайымына айналып, ел ықыласына бөленді. Жеңгесі мен қайын сіңілі арасындағы өзара байланысты насихаттаған байқауда бас жүлдені әдемі әдебі, өзгеше өнерімен қатарластарынан көш бойы озық таныла білген – қайынсіңілісі Рада Көпжасар мен жеңгесі Хайруллина (Пугачев ауылы) меншіктесе, І орынды Марат Даяна мен Бибінұр Амангельдиева (Қызылтал ш.а) қанжығалады. Ал ІІ орынды Гүлназира Темірхан мен Нағима Бахитова (Ақбұлақ ауылы), ІІІ орынды Жанаргүл Қосқарина мен Айшолпан Нуптығалиева (Қанай ауылы) иеленді.

салтт-дәстүр

Бұл байқау басқа сайыстарға қарағанда өте қызықты өтті. Сайысты тамашалаушылар әр жұптың өнерлерін жоғары бағалады. Жеңгенің өнегесін көрген қыздың тәрбиесіз болмайтындығын бұл сайыс дәлелдеп бергендей болды.

Вероника Пермитина 

Достық үйінің директоры

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале