26.01.2023, 15:31
Оқылды: 32

Қазақстан БҰҰ электронды үкіметті дамыту индексінде 28-орында тұр

Қазақстанда 40 мемлекеттік қызмет тұрғындарға проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230126-WA0005

Оның айтуынша, министрліктің жұмысы мына стратегиялық бағыттарды қамтиды: мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, байланыс саласын дамыту және ақпараттық технологиялар мен инновацияларды дамыту, ғарыш саласын дамыту.

«Азаматтар үшін проактивті түрде адам қажеттілігіне бағытталған қызметтерді енгізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 40 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілуде, 15 мемлекеттік қызмет – сыртқы платформаларға шығарылды, 20 цифрлық құжат 7,5 млн рет қолданылды», -деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, ведомство басшысы БейнеХҚО, цифрлық құжаттар және Egov мобильді қосымшасының қолжетімдігі туралы баяндады.

«Бүгінде осы жобалардың арқасында біздің еліміз БҰҰ электронды үкіметтің дамуы индексі бойынша 28-орында тұр және цифрлық қызметтер бойынша субиндексте – 8 орындамыз», - деді Цифрлық даму министрі.

Айта кетейік, елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр, онда министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланбақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале