Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ауыл ақсақалдарымен кездесті. Аудан басшысы 2023 жылда алғашқы бас қосуымызға қош келдіңіздер дей келе, сөз кезегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Самиевке ұсынды.
Сабыр Сәмиұлы 2022 жылы атқарылған жұмыс есебін баяндады. Өз сөзінде ардагер кеңесінің төрағасы аудан көлемінде 2000-ға жуық зейнеткер, 62 тыл ардагері, 209 көпбалалы ана, яғни алтын, күміс алқа иегерлері, 17 батыр ана, 11 ауған соғысының ардагерлері, Семей, Чернобыль апатына қатысушылар бар екенін тілге етті. Бірлестік аясында ардагердерге жан-жақты қолдау көрсетілуде екен. 99 жалғыз басты адамға 22 көмекші тағайындалып, кей ардагерлерге материалдық көмек пен қысқы мал азығын дайындауда көмек көрсетілген. Аудан ардагерлері аудандық, облыстық байлауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Одан кейін аудан әкімі Әлия Биғазықызы жоспарланған жұмыстарға тоқталды. Сөз барысында аудан көлемінде жөнделетін жолдар туралы, сонымен қатар үстіміздегі жылда тапсырылатын нысандар жөнінде кеңінен баяндап, трансформатор алынып орнатылатынын, ауданның 95 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстарын жүргізу мәселесілеріне тоқталды.
Жиынға қатысқан ардагерлер баяндамашыларға ұсыныстарын білдіріп, ойларын ортаға салды. Кездесу соңында ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Р.Тұрмағамбетов жиынның қаулысын оқыды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz