Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. «Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медицина саласындағы өзекті мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Елімізде сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеруде.
Осы орайда жуырда Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ елді-мекенінде жаңадан салынған медпунктің ашылу салтанаты өтті.
Аталмыш нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов пен Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Қалибеков ауыл тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады. Шара барысында жаңа ғимараттың ашылуына байланысты лента қию рәсімі өткізілді.
Жаңа ғимарат халыққа тиімді медициналық көмек көрсететіні анық. Ауылдағы медициналық пунктің ашылуы тұрғындардың жүзіне қуаныш ұялатты. Денсаулығына жиі шағымданатын тұрғындар үшін бұл үлкен қуаныш. Енді олар кез келген мәселе бойынша алысқа бармай-ақ, жергілікті медпункт мамандарына жүгіне алады.
Медпункте фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі бар.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz