Warning: session_start(): open(/tmp/sess_dmjbh3mhs8eesg2est3qm0d04s, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Зертханаға тарту - официальные новости ЗКО
31.01.2023, 9:16
Просмотры: 273

Зертханаға тарту

Өткен жұмада «ADK MEDICAL» ЖШС №6 қалалық емханаға су жаңа 4 анализатор сыйға тартты.

IMG-20230131-WA0000

– Медициналық жабдықтарды БҚО іскер әйелдер кеңесінің қайырымдылық акциясы аясында тарту еттік. Оларды емхананың зертханасы тегін пайдаланады. Гемотологиялық, биохимиялық, несеп және коагулометр анализаторлары талдама жасайды. Жабдықтар – әлемдегі ең ірі Mindray компаниясының  өнімі. Біз – Қытайдағы аталмыш ірі компанияның өкіліміз. Егер басқа да медициналық ұйымдардан тапсырыс түссе, оларға да құрал-жабдықтарды жеткізіп береміз, – деді серіктестіктің директоры Мөлдір Жарлығасова. №6 қалалық емхана зертханасының меңгерушісі Гүлбағида Өтепованың айтуынша, жаңа жабдықтар зертхананың жұмысын жеңілдетеді. Себебі зертханалық талдамалар тез дайын болады. Мысалы, BS-240Pro құрылғысы бір сағатта 200 сараптама дайындайды. Ал бұған дейінгі аппарат сағатына 60 сараптама жасаған.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале