Германияның Байройт қаласындағы ACQUIN-нің штаб-пәтерінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиноваға Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жетістігі туралы куәлік табыс етілді. Бұл – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы «Мектеп командасы: тиімді басқару және білім беру сапасы» атты өзекті бағдарламасын шартсыз сертификаттау.
Мюнхен қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Денис Рогов NIS-ті жаңаша танылуымен бірінші болып құттықтады.
ACQUIN бағдарламалық және институционалды аккредиттеу бөлімінің басшысы Ясмин Рудольф NIS-тің Қазақстанды әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялағанын ерекше атап өтті. ACQUIN аккредиттеу бөлімінің үйлестірушісі Юлия Балакший сертификаттаумен жұмыс істеген ACQUIN-нің Швейцария мен Германиядағы сарапшылары өздерінің білім беру жүйелерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіби командасы дайындаған табысты шешімдерді енгізуге дайын екендерін жеткізді.
– Педагогикалық шеберлік орталығы қосымша кәсіптік білім беру жүйесінде сыртқы сараптамаға арналған бағдарламаларды елімізде бірінші болып ұсынды. ACQUIN өкілдері Педагогикалық шеберлік орталығының барлық бағдарламалары шартсыз сертификаттаудан бірден өткенін айтты, – дейді Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Жанбота Кабдыкаримова.
Жаңа танылу ПШО-ның үш жыл бойы беделді еуропалық агенттікте өтіп жатқан маңызды аккредитацияларының ауқымды сериясын жалғастырды.
Педагогикалық шеберлік орталығының табысты дамуының келесі кезеңінде институционалды аккредиттеуден өту жоспарда тұр.
Беделді ACQUIN аккредиттеу агенттігі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етуге арналған барлық тиісті халықаралық қауымдастықтар мен жобалық бастамалардың мүшесі болып табылады, 2009 жылдан бастап жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізілімінде тіркелген. Стратегиялық басымдықтары – бағдарламалық және институционалды аккредиттеудің халықаралық процедуралары, Еуропалық Одақтың ғылыми жобалары.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ баспасөз қызметі