Бүгін Жалпақтал ауылындағы «Жалын» коворкинг орталығында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.
Колледж студенттерімен өткен мақсатты кездесуде мемлекеттік бағдарламалар талқыланды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, директордың орынбасары Айбек Көшеғалиев, «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдвқ-саяси газетінің тілшісі Асылбек Байғазиев, «Жыл үздігі - 2022» жастар сыйлығының «Үздік волонтёры», белсенді жас Нұрлан Табылдиев білімгерлер мен ұстаздарға «Ауыл аманаты» жобасы, жастарға арналған 2,5 пайыздық несие, «Алғашқы жұмыс орыны», «Жастар іс-тәжірибесі», қайтарымсыз несие алудың негізгі ережелерін атап өтті.
– Еліміздегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда әр жастың пікірі мен қолдауы маңызды. Жастарды қолдау мақсатында бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жаңа бизнес жоспарлар қолдау тауып, жүзеге асырылып, жұмыс орындары ашылар болса ауданымыздың да әлеуметтік-экономикалық дамуында серпін болар еді. Сондықтан, мемлекетіміздегі тың жобаларға бей-жай қарамай, үлес қосыңыздар, - деді Мұқағали Өтегенұлы.
Кездесуде колледж студенттері өздерінің сұрақтарын қойып, кәсіп бастауға ниетті екендіктерін жеткізді.
Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz