«Ашық НҚА» порталында ауылдарды «Қолжетімді» интернет ұлттық жобасы қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген құжатта 2027 жылға дейін Қазақстан халқын кеңжолақты интернетпен қамту деңгейі 100 пайызға жетуі қажеттігі айтылған. Ал республикалық маңызға ие қалаларды 5G деңгедегі интернетпен 75%, облыс орталықтарын 60% қамту көзделген. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2023-2027 жылдар аралғында 1 114 726 105 000 теңге бөлу жоспарланып отыр.
Оның 531 988 432 000 теңгесін республикалық бюджеттен, 582 737 673 000 теңгесін бюджеттен тыс қаражат есебінен тарту көзделген.,
Аталған қаражат мынандай жолмен игеру жоспарланған:
2023 жылы – 161 028 372 000 теңге;
2024 жылы – 246 243 232 000 теңге;
2025 жылы – 252 005 804 000 теңге;
2026 жылы – 227 494 848 000 теңге;
2027 жылы – 227 953 848 000 теңге.
Осы қаражат есебінен елдегі 3 мың ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспары да еніп отыр.
Құжат 14 ақпанға дейін көпшілік талқылауына ұсынылып отыр.