28.05.2015, 22:52
Оқылды: 21

Шыңғырлау ауданында орманды дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру механизмдері пысықталды

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Шыңғырлау ауданында «Орманды дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру» тақырыбында өрт-тактикалық жаттығу өткізілді, күн тәртібінде жергілікті органдардың өзара іс-әрекеттері бойынша Шыңғырлау ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру құрылымдары, 22-өрт сөндіру бөлімі және Шыңғырлау аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі тартылды.

Бөлімшелермен бірқатар тапсырмалар орындалды, яғни мемлекеттік өртке қарсы қызметін, «Орманды және жануарлар әлемін қорғау» ММ және ерікті өрт сөндірушілердің күш пен құралдарын өрт сөндіруге жұмылдыру тәртібі, өздерінің арасындағы бірлесіп қызмет атқаруы, сонымен қатар табиғи өрттерді сөндіруге жұмылдырылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру пысықталды.

Қысқа уақыттың ішінде құрғақ шөптің жануы бірлескен әрекеттермен сөндірілді.

www.zhaikpress.kz

Шыңғырлау ауданы

С. Жумалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале