2.02.2023, 16:15
Оқылды: 44

Еңбек ұжымымен кездесті

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай облыс орталығындағы ірі кәсіпорын-мекемелерде тақырыптық кездесулер өтті.

21

БҚО мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №12 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Жамал Ихсанова «Уральскагрореммаш» АҚ-ның ұжымымен кездесті.

Жамал Сағынғалиқызы: «Бұл айтулы күн сайлау үрдісін жетілдіруге, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге және аталған саяси науқанның мақсат-міндетін халыққа түсіндіруге бағытталған», – деді.  Ол наурыздың 19-да өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы және елдегі сайлау жүйесіндегі тың жаңалықтар жөнінде баяндады. Ең алдымен, биыл депутаттар мәжіліске бір мандатты округтер арқылы, яғни можаритарлық жүйеде 5 жылға сайланады. Азаматтар ешқандай партияда болмай-ақ өзін-өзі ұсына алады. Алғаш рет мәжіліс сайлауының бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген баған енгізіледі. Яғни сайлаушы кандидаттың ешқайсысына дауыс бергісі келмесе, осы бағанды белгілей алады. Комиссия төрағасы сонымен қатар кандидаттарға қойылатын талаптар, оларды тіркеу және қажет құжаттар жөніндегі  ақпараттармен жан-жақты таныстырды. Зауыт еңбекшілерінің сауалдарына тұшымды жауап берді.

Осындай жиналыстар шаһардағы «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» мен «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-лардың және басқа да кәсіпорын-мекемелердің еңбек ұжымдарында өтті.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале