3.02.2023, 11:01
Оқылды: 15

Мемлекеттік бағдарламаға белсенділік қажет

Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округтінде тұрғындардың аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов және ауыл әкімі Айдынғали Балғалиевпен кездесу жиыны болды.

image-03-02-23-10-54-2

Тұрғындармен кездесу барысында Айдынғали Базарғалиұлы атқарылған жұмыстармен кейбір толғақты мәселелерге тоқталды.

Мәселен, ауыл әкімінің айтуынша округте 18 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыстануда.

сырым (3)

Ерекше атап өтетін жағдай, өткен жылы округте 15 шаруа қожалығы мал басын асылдандыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 17  аталық, 90 аналық асыл тұқымды мал сатып алынды.

Округте бүгінде “Ауыл аманаты” жобасы аясында 2,5 пайыз жеңілдікпен несие алып өз кәсібін өркендеу бағытында жұмыстануға ниеттілерге түсініктер жүргізілуде.

Есептік кездесуде аудан әкімінің қатысуымен өткен жылғы жиында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың бастысы Талдыбұлақ орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізілсе, Қазақстан ауылын фельдшермен қамту шешімін тапты.

Ал ауылдық округті жедел жәрдем көлігімен қамту, ұялы байланыс, интернет желісі қажеттілігі, ауыл арасындағы электр бағаналарын жаңарту, сымдарын тарту жұмыстары шешімін таппай, өзекті күйінде қалды.

Тұрғындармен кездесу жиынында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бағдат Сыдықов мал ұрлығының алдын алу, алаяқтықтан  сақтану бағыттары жөнінде тоқталды.

Жиында ауыл тұрғындары Болат Ермұханов өзекті мәселе ретінде жедел жәрдем көлігі, дәрі - дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіп тұру қажеттігін айтса, әлеуметтік педагог Алмагүл Жұбаниязова мәдени ошақтарды, балабақшаны заманға сай құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету жәйін қозғады.

Ал Адақ Шакулов жағар майдың қымбаттығы шөп бағасының құнына да әсер етуде екендігіне қынжылысын білдірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаға белсенділік пен қатысулары қажеттігін, тазалық, мал басын аурулардан аман сақтау бағытында кеңінен тоқталып, округтегі шешімін табар істердің де кезең - кезеңімен орындалатындығын айтты.

Жиын соңында Ерболат Әжмұханбетұлы Айбек Халықов жетекшілік ететін “Арайлы” шаруа қожалығында болып, жұмыс ырғағымен танысты.

 

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале