3.02.2023, 12:30
Оқылды: 17

Жолаушы бекеті ашылса...

Сырым ауданының Елтай ауылдық округтің әкімі Рашид Байыров ​халық пен кездесу жиынында атқарылған жұмыстарға, алда тұрған міндеттерге тоқталды.
IMG_20230203_121147
Мәселен, округта ақылы қоғамдық жұмысқа кезекпен 22 адам тартылса, 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ал өткен жылы округте 19 отбасы 273 мың теңге көлемінде көмектер алса, екі ауыл тұрғыны 1 млн 225 мың теңгеден грантқа ие болды. Олар бүгінде сауын сиыр, ұсақ мал бағуда. Округте малдәрігерлік шаралар, адам саулығы, білім ошағының жағдайы да назарда.
image-03-02-23-11-44-1
Сондай - ақ Рашид Серікұлы тұрғындар тарапынан түскен ұсынбаларға сәйкесті ауылдағы орта мектептің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектептің төбе жабыны ауысқандығын, мәдениет үйіне жаңа жабдықтар алынғандығын айтты.
Ал, Тасқұдық дәрігерлік үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылға кіре беріс тегі бір шақырым жолдың бойына жарық шамдар орнату үшін жобалық сметалық құжаттар жасақтау алдағы жоспардың еншісінде тұр.​
Жиында ауыл тұрғындары Жаңылсын Ізбасова іргедегі мал суғаратын бөгеттің тазалығын сақтау, шіріп тұрған электр бағанасын ауыстыруға тоқталса, Гүлсара Байқатова аудан орталығына барған жолаушылар үшін демалыс орны ретінде көлік күтетін “Жолаушы” бекеті ашылса деген ұсынысын айтты.
Округтегі жиынға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бағдат Сыдықов қатысты.​
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов қорытындылап, сөз сөйледі.
Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале