3.02.2023, 13:01
Оқылды: 13

Жаңажолдық жігіттер жарап тұр

Казталов ауданының әр ауылы мен елді мекендерінде мәрт азаматтар аз емес. Бірі қайырымдылық жұмыстарына ат салысып жүрсе, бірі инфрақұрылымдық жобаларға үлестерін қосуда. Ал Жаңажолдық жастар ауылдың спорт саласын дамытуға белсене араласып жүр. Жуырда ауыл жастарының бастамасымен «Қол күресі» спорт түрінен тегін үйірме де ашылған.

IMG-20230202-WA0162

-Бұл бастаманы өткен жылы қолға алған болатынбыз. Ауыл жастарының қолдауымен 150 мың теңге қаражат жинап, қол күресіне арналған арнайы үстел сатып алып, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен жаттығу залын да аштық. Қазіргі уақытта ауыл азаматтары жаттығу залына келіп, қабілеттерін шыңдап жүр. Бұл спорт түрінен алыс адам емеспін. Облыстық, республикалық чемпионаттарда да, Алматы қаласында студенттер арасындағы додалар да осы спорт түрінен жүлделі орындарды қанжығама байлап жүрмін. Енді үйренгенім мен түйгенімді ауыл азаматтарына да үйретіп, жаттықтырып, чемпиондар шығарсам деген жоспарым бар, - деді Ғасырбек Нағымов.

IMG-20230202-WA0134

Ғасырбек жинақталған қаржының бір бөлігін өз қалтасынан шығарған. Оның бұл әрекеті ауылдастарына да ой салып, тиісті қаражан жиналған. Жас спортшының сөзіне сүйенсек, бұл тек бастамасы. Алдағы уақытта тағы да арнайы үстел мен жаттығуға қажетті спорттық жабдықтарды алу, жас спортшыларды салалық спортқа баулу  жоспарларында бар. Тек қаржы қол байлап тұрғанын жасырмады. Елімізде бұқаралық спортқа қолдау артып келе жатқаны мәлім.

IMG-20230202-WA0130

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале