Өткен жылғы өтініштер бойынша берешектерді төлеу үшін Бірыңғай мемлекеттік субсидиялау жүйесіне тарихи деректерді енгізу жұмыстары толығымен аяқталды, деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Мәліметтер ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің жұмыс кабинеттерінде төлемге сұранысты қалыптастыру мүмкіндігімен көрсетіледі. Мәселе, инвестициялық субсидиялар мен өңдеу секторын субсидиялау туралы болып отыр. Барлық мәліметтер gosagro.kz порталында тұр, оны тіркеусіз-ақ өңірлердің бөлінісінде қарауға болады.
Айта кетейік, инвестициялық субсидиялауға барлық жиналған деректер бұрынғы Qoldau.kz порталынан 2022 жылдың 31 желтоқсанында алынды. Жалпы алғанда, бұл ақпаратты жаңа платформаға көшіру процесін тежеді және соның нәтижесінде жылдың басында фермерлер gosagro.kz жүйесінде өтініш беру кезінде қиындықтарға тап болды. Алайда қазір барлық техникалық ақаулар жойылды, СБМАЖ штаттық режимде жұмыс істейді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қызметтерді тегін пайдалана алады.
Сонымен бірге, күнде екі сағат сайын субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша онлайн-демонстрациялар өткізілетінін еске саламыз. Әрбір көрсетілетін қызметті алушы әзірлеушілермен бірге онлайн режимде өтінім бере алады. Бұл форматта портал ақпан айы бойы жұмыс істейді.
Бүгінгі күні gosagro.kz порталына инвестициялық субсидиялар алуға 100-ден астам өтінім берілді.