3.02.2023, 17:00
Оқылды: 16

Ауылын мақтан тұтатын азамат

Ақшаттық азамат Жолдас Байқатов  басқаратын «Өнім» шаруа қожалығы 1998 жылы құрылып, қазірге дейін жұмыс істеп келеді. Оның құрылуына негіз болған әкесі Жауынбай Есенұлы аудан мен облысқа танымал дәрігер, медицина саласында іс-тәжірибесі мол, сол салаға әлі де өз үлесін қосып, талайдың жанына араша болып жүрген азамат.

фото

Зейнетте болса да дәрігерліктен қол үзбей, оған қоса алдына салған малын көбейтіп, біртіндеп бар жұмысты ұлы Жолдастың қарамағына беруде. Себебі баласының үнемі қасында жүргені, көріп-білгені мол, әрі ауылдың тірлігін бес саусағындай біліп, дамып, өз алдына жауапкершілік жүгін көтере білсін деген ойы болар, бәлкім. Қашанда ауылда өскен, төрт түліктің жағдайын жетік білетін ұлдардың шаруаларына мығым болатыны рас қой. Жолдас та осындай ұлдардың қатарынан.

Жолдас Жауынбайұлы тек төрт түлік көбейтіп, ет өндіру ғана емес, егін шауашылығна да көп көңіл бөлуде. Көп жылдық шөп өсіріп, арпа-бидай да егіп, күзде жиып алуға машықтанған. Шаруасы ұлғайған сайын, жұмыс күшін де еселеп отырады. Қазірдің өзінде 7 адамды жұмыспен қамтып, еңбек ақыларын уақытылы төлеп, қажет болғанда тұрмыстарына да көмек етуде. Әсіресе қыс кезінде, мал төлдеп, қорада мал тұрғанда, жұмыс күшін қажет етуші кісі кейде тіпті жұмысшы таппай қиналатын кездері де болады.

Биылғы қыстақта 250 ірі қара - аналық мал күтімде тұр. Оған қоса 100-ге жуық қой төлдеп бастаған кезде жұмыстары да екі есе көбейеді. Шаруашылықтың 100 бас жылқыдан басқа 25 түйесі де бар. Аруаналардың Ақшат жерін жерсінгендері сондай, қыстың аязына да шыдас беріп келеді дейді шаруашылық басшысы.

Жолдастың алдағы күндерге жоспарлары жетерлік, малдың басын көбейтіп, жерін кеңейтіп, үлкен мал қораларын салу, егін алқабына да бидайдан басқа да дәнді дақылдар егіп, егістік көлемін ұлғайтпақ.

«Ауылда тұрсаң, ауылдың  тек қиындығын емес, оның ең бір керемет жақтарын да көре білуің керек. Қадір тұтып, ауылдың өркендеуіне үлес те қосуға тиістіміз», -  дейді Жолдас Байқатов.

                                                                      А.Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале