6.02.2023, 10:31
Оқылды: 40

Кәсіподақ мүшелері парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына кандидат бола алады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының сайлауға байланысты үндеуі

Біздің мақсатымыз – негізі еңбекші халық болып табылатын әділетті әлеуметтік мемлекет құру.

Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі бағдары – әділетті экономиканы қалыптастыру арқылы жұмыскерлер мен олардың отбасыларының әл-ауқатын жақсарту.

Біз адал еңбек еткендердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін заңдарды қабылдау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануымыз керек.

87a95b0f-7651-4bf5-8707-6c812e4ee608

Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардан депутаттыққа кандидаттардың құрамын жасақтап, кәсіподақ кандидаттарын қолдау Штабын құратын болады.

Біздің кандидаттар мемлекеттік биліктің өкілді органдарында мандат алу, сөз жүзінде емес, іс жүзінде еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қабілетті толыққанды кәсіподақ лоббиі болу үшін «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасымен сайлауға қатысады.

Кәсіподақтар федерациясы барлық кәсіподақ мүшелері мен еңбеккерлерді алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына белсене қатысуға және лайықты кандидаттарды – сіздермен бірге иық тірескен Еңбек Адамының құқығы мен мүддесін қорғаушыларды қолдауға шақырамыз!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы

Бас кеңесінің шешімімен қабылданған.

Қазақстан Республикасы

 Кәсіподақтар федерациясы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале