6.02.2023, 11:00
Оқылды: 15

Облыс әкімі Казталов ауданында

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Казталов ауданына келді.

qaztalov (5)

Өңір басшысы аудандағы «Мясная индустрия» ЖШС-ның 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы, №2 Казталов аудандық ауруханасы, «Сартаев» ЖК-ның сауда-саттық және қызмет көрсету кешені, дәстүрлі өнер орталығы, 600 орынға арналған жалпы орта мектептің құрылыс жұмысы және Казталов мектеп-лицейінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, аудан халқымен кездесуі жоспарланған.

qaztalov (2)

Казталов ауданындағы ауыл шаруашылық саласының дамуы қарқын алып келеді. Аудан экономикасына оң серпін беретін жетекші саланы дамытуға үлес қосып отырған ірі кәсіпорындар да бар. Соның бірі Талдыапан ауылдық округі аумағында орналасқан «Мясная индустрия» ЖШС.

qaztalov (1)

Облыс әкімінің жұмыс сапары да 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңының жұмысымен және ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан басталды.

qaztalov (4)

«Мясная индустрия» ЖШС директоры Сергей Максимұлы аймақ басшысын кәсіпорында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале