Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар саны 912 адамға жетті, 5 385 адам жарақат алған. Бұл туралы Түркияның Anadolu агенттігі хабарлады.
Фото: twitter.com/anadoluagency
Ошағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында болған 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан 912 адам қаза тауып, 5385 адам жарақат алды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.