7.02.2023, 10:15
Оқылды: 133

Әлихан Смайылов: «Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті»

Дәл қазір Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтуде. Бұлу туралы ҚР  Үкіметінің telegram каналында жазылды. 

1758e62c-14a5-47e0-85e9-2897a5a2eff8

«Біздің міндетіміз – 2023-ші жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 10%-тен асырмау. Бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет. Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар.

0eabb487-4123-450f-957f-586b865caa1f

Біз өткен жылғы егіннен қажетті қор жинақтап алдық. Сондықтан белгіленген бағамен көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдіктерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ. Жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес. Мәселен, өңірлерге пияз бойынша келісім-шарт жасау тапсырылды. Әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет айтты. Онда пияз неліктен қымбаттайды? Біздің елімізде пияз көп өседі. Алайда бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Біз, бірінші кезекте, өнім өндірушілерді қаржыландыру үшін форвардтық сатып алу механизмдерін қайта қарадық. Алайда әкімдіктер жеткізушілерге қаржы бөлуді доғарар емес. Өкінішке қарай, ол делдалдарды көбейткеннен басқа нәтиже беріп отырған жоқ. Өңірлерге тиімді бағамен тұрақтандыру қорларын толтырып алуға мүмкіндік берілді. Бірақ атқарылған жұмысты көре алмай отырмыз. Жылдың басынан бері сауда саласында заңдылықты бұзудың ешқандай фактісі анықталған жоқ. Барлық әкімдікке өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсыныстар жіберілді. Алайда өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге «қинағандай етіп» мәжбүрлеп отырмыз. Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», - деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале