8.02.2023, 10:00
Оқылды: 36

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметі egov.kz сайтында қолжетімді болды

Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметі egov.kz сайтында қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

204523b19f0ce31fcf02d39724a00c87_1280x720

Әділет министрлігі Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, сондай-ақ "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ-мен бірлесіп Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жеңілдету бойынша жаңа жобаларды қолға алды.

Енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметін egov.kz сайтында бір жұмыс күні ішінде оnline режимінде көрсетіледі.

Ол үшін egov.kz сайтында авторизациядан кейін "Бизнес" → "бизнесті тіркеу және дамыту" → "Бизнесті тіркеу және тарату" → "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу" бөлімінде тиісті өтінімді толтыру қажет.

Өтінімде жылжымалы мүліктің түрін көрсету, растайтын құжатты бекіту, электрондық төлем жасау және ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Өтінімді өңдеу нәтижесін Жеке кабинетте, "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде бақылауға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале